Зерттеу Топтары

ATA Academia

ATA Academia
Әдеби-танымдық жоба

«Жаңа есім»

«Жаңа есім» — ATA Creative Hub экожүйесінің жаңа жобасы. Жобаны ATA ACADEMIA жүзеге асырады. Бұл — ұлт руханиятындағы ұмыт қалған тұлғалар мен жаңа буын зерттеушілерінің арасын жалғайтын әдеби-танымдық сериялық жоба. Жоба жетекшісі, идея авторы — Елдос Тоқтарбай.

Жобаның екі мағыналық сипаты, өзіндік сыры бар: біріншісі — тарихтың қатпарында көмескіленіп, есімі көпшілік санасынан өшіп қалған Алаш зиялыларының мұрасын қайта жаңғырту, олардың сан салалы қызметін бүгінгі оқырманға жан-жақты дәріптеу. Екіншісі — әдебиет пен ғылымға жаңадан келіп қосылып жатқан жас авторлардың еңбегін жариялап, жаңа интеллектуалдық есімдерді қалыптастыру.

«Жаңа есім» сериясы — өткен мен бүгінді байланыстыратын креатив идея. Мұнда архив құжатында ғана жазылған беймәлім тағдырлы, ұлт үшін күрескен қайраткерлердің мұрасы, сирек деректер мен тың зерттеулер жаңа көзқараспен ұсынылады. Сонымен бірге бұл жоба жас зерттеушінің ғылыми ойына, әдеби талғамына, азаматтық ұстанымына мүмкіндік беретін интеллектуалды алаң қызметін атқарады.

Серияның басты мақсаты — қазақ руханиятындағы тарихи жадыны жаңғырту және жаңа интеллектуалдық толқын қалыптастыру. Жалпы «Жаңа есім» жобасы — ұлттың ұмыт қалған есімдерін тірілтіп, ертеңгі жаңа есімдерді қалыптастыратын мәдени жоба.

Academia мүшелері