
Проза
Бүкір (ат туралы аңыз)
Есболат Айдабосын
«Бүкір» – «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының 5-маусым жеңімпазы болған шығарма. Әдеби сарапшылар жоғары бағалаған шағын роман оқырмандардың да ықыласына ие болып, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде жеңіске жетті. Роман авторы Есболат Айдабосын «Freedom Life» сақтандыру компаниясы тағайындаған ғұмырбойлық стипендияға (айына 500 АҚШ доллары) иегері атанды. Бұл шығарманың өзегі ‒ тағдыр, адам мен аттың тағдыры. Екеуі де ‒ жетім, екеуінің де шыққан тегі ‒ белгісіз, екеуі де ‒ бүкір. Бірі ‒ туабітті бүкір, екіншісін тұрмыс тауқыметі бүкір қылған. Екеуі де ‒ қоғамның қыспағын көрді, екеуі де азап пен мазақтың талайын бастан өткерді. Ақыры екеуі ‒ бір-біріне жолықты, бірінің бағын бірі ашты.
Кітап туралы
- Жыл
- 2026
- Беттер
- 312 бет
- Мұқабасы
- Жұмсақ мұқаба
Сатып алуҚолжетімді