← Каталогқа оралу
Ертегі-терапия
Балалар әдебиеті

Ертегі-терапия

Райхан Уәлиханқызы

Ерекше балаларға арналған терапиялық туындылар жинағы – арнайы білім беруді қажет ететін 3–10 жас аралығындағы балалардың эмоциялық, тілдік, сенсорлық және әлеуметтік дамуына арналған терапиялық бағыттағы әдеби құрал. Кітап цифрлық аутизм, Даун синдромы, дислексия, дисграфия, сөйлеу және есту қабілетінде қиындықтары бар балалардың ішкі әлеміне жұмсақ әрі қауіпсіз жол табуды мақсат етеді. Жинақтағы туындылар классикалық бағыттағы тәрбиелік шығармадан стилі бөлек, баланың қорқынышын, жалғыздығын, мазасыздығын, эмоциялық тұйықтығын жеңілдетуге көмектесетін терапиялық құрал ретінде дайындалған. Әр шығармада мейірімді кейіпкерлер, қауіпсіз орта, қарапайым тіл, қайталанатын құрылым және баланың эмоциясын түсінуге көмектесетін жағдаяттар берілген. Кітаптың басты ерекшелігі – қазақы ұлттық образдарды заманауи әдеби терапиясымен ұштастыруында. Жинақта әдеби шығарма оқу тәсілдері, эмоциямен жұмыс, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, сенсорлық қабылдауды дамыту элементтері де қамтылған. Сонымен қатар кітап ата-аналарға, педагогтерге, логопедтерге, дефектологтарға және психологтарға күнделікті тәжірибеде қолдануға болатын көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Кітап туралы
Жыл
2026
Беттер
80 бет
Мұқабасы
Жұмсақ мұқаба
Сатып алуҚолжетімді
Бөлісу: