← Каталогқа оралу
Өлгендермен өмір сүрем. Үштомдық естеліктер
Проза

Өлгендермен өмір сүрем. Үштомдық естеліктер

Тұрсын Жұртбай

Әр қаламгердің бір кезеңде өз өткеніне үңіліп, өмірден көргені мен көңілге түйгенін таразылап, ғұмыры туралы толғануы – заңды құбылыс. Тұрсын Жұртбайдың оқырман қауымға ұсынып отырған үш кітаптан тұратын «Өлгендермен өмір сүрем» атты эсселер мен естеліктер жинағы да осындай терең рухани толғаныстан туған тағылымды туынды. Кітаптың алғашқы бөлімі – «Бауырына басқандар» – жазушының көз алдында ғұмыр кешіп, қазақтың ғылымы мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің биік шыңына айналған тұлғалар туралы сыр-толғаулардан тұрады. Аталған кітапта Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Бауыржан Момышұлы секілді аға буын алыптардан бастап, Ілияс Есенберлин, Тахауи Ахтанов, Бердібек Соқпақбаев, Қайым Мұхамедханов, Сафуан Шаймерденов, Мұзафар Әлімбаев, Ғафу Қайырбеков, Шерхан Мұртаза тәрізді елуге жуық көрнекті тұлғаның адамдық болмысы мен шығармашылық әлемі көркем-сыншыл ойлау жүйесі арқылы сараланады. Жазушы Тұрсын Жұртбай эсселер мен естеліктерден тұратын үштағанының екінші кітабы – «Бауыр бастымда» қазақ руханиятының көрнекті тұлғаларына деген жүрекжарды ықыласын ерекше тебіреніспен өрнектейді. Автор қазақ сөз өнерінің «озан ойының императоры» Олжас Сүлейменовті, «ұлт зұлфұһары» Тоқтар Әубәкіровті, «тағдырлы тұлға» Қабдеш Жұмаділовті, «қайырымның қорғаны» Қалихан Ысқақовты, «қайырымның өзі» Сайын Мұратбековті, «әділеттің алдаспаны» Бекежан Тілегеновті, «мұзбалақ» Мұхтар Мағауинді, «абыз ойлы» Әбіш Кекілбайды, сондай-ақ көркем сынның «ардакүреңі» Рымғали Нұрғалиды өзіне ұстаз тұтқан аяулы жандар ретінде бейнелейді. Тұрсын Жұртбайдың оқырман қауымға ұсынылған «Өлгендермен өмір сүрем» атты эсселер мен естеліктер жинағының «Етбауырларым» деп аталатын үшінші бөлімі ерекше назар аударады. Аталған бөлімде қаламгер ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен зиялылары қалыптастырған рухани дәстүрді ХХІ ғасырға жалғаған қуатты буын өкілдері – Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбай, Жарасқан Әбдіраш, Кеңшілік Мырзабеков, Роллан Сейсенбаев, Жәнібек Кәрмен, Асқар Егеубай, Дидахмет Әшімхан, Несіпбек Айтұлы, Тұрсынғазы Рахимов бастаған елуге жуық замандастарының азаматтық болмысы мен шығармашылық әлемі жайында сыр толғайды.

Кітап туралы
Жыл
2026
Беттер
1680 бет
Мұқабасы
Қатты мұқаба
Сатып алуҚолжетімді
Бөлісу: