
Мәннан Тұрғанбайұлы: Пайғамбар заманы
Елдос Тоқтарбай
Мәннан Тұрғанбайұлы: Пайғамбар заманы Елдос Тоқтарбай 2026 168 қатты Кітапқа қазақтың көрнекті ағартушысы, Алаш қайраткері Мәннан Тұрғанбайұлының ғылыми-танымдық және публицистикалық мұралары топтастырылып отыр. Жинаққа оның «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде жазған «Пайғамбар заманы» оқу құралы, сондай-ақ «Қазақ», «Сарыарқа», «Абай» секілді ұлттық басылымдарда және «Ұшқын», «Еңбек туы», «Қазақ тілі» сияқты кеңестік кезеңнің алғашқы баспасөз органдарында жарық көрген мақалалары енгізілді. Бұл – Тұрғанбайұлының тасқа басылған тұңғыш шығармалар жинағы. Мұндағы туындылар XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының рухани ізденістерін, ұлттық тағдырға қатысты көкейкесті мәселелерді қапысыз тануға мүмкіндік береді. Жинақ Алаш мұрасын зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраға қызығатын көзі қарақты көпшілік оқырманға арналған.
- Жыл
- 2026
- Беттер
- 169 бет
- Мұқабасы
- Қатты мұқаба