
Мен сенің жаныңдамын, күнім!
Райхан Уәлиханқызы
«Ерекше балалары бар ата-аналарға арналған әдістеме» деген бұл әдістемелік нұсқаулық ерекше білім беруді қажет ететін 3–10 жас аралығындағы балалармен жұмыс істеуге арналған практикалық құрал. Кітапша цифрлық аутизм, ДЦП, ЗПР, Даун синдромы, дислексия, дисграфия, эпилепсия, сөйлеу және есту қабілетінде қиындықтары бар, дамуында тежелуі кездесетін балалардың эмоциялық, тілдік, сенсорлық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Нұсқаулықта ертегі терапиясы, эмоциямен жұмыс, сенсорлық жаттығулар, тіл дамыту, қимыл арқылы үйрету және ұлттық мәдени мазмұнды пайдалану тәсілдері қарапайым әрі түсінікті тілмен берілген. Әр бөлімде ата-анаға, педагогке, логопедке, дефектолог пен психологқа арналған күнделікті тәжірибеде қолдануға ыңғайлы ұсыныстар мен жұмыс алгоритмдері қамтылған. Әдістемелік нұсқаулық ата-аналарға үй жағдайында баламен дұрыс байланыс орнатуға көмектессе, мамандарға инклюзивті және түзету жұмыстарына қосымша көмекші құрал ретінде ұсынылады. Кітап ерекше баланың дамуы ең алдымен мейірімнен, сабырдан және дұрыс қарым-қатынастан басталатынын негізге алады.
- Жыл
- 2026
- Беттер
- 88 бет
- Мұқабасы
- Жұмсақ мұқаба