Бас редактор блогы

Қадірменді оқырманым!

ATA Creative Hub баспасының кітабын таңдағаныңыз үшін, тапсырыс беріп, сатып алғаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Зейініңіз ашылсын!

Баспамыздың басты мақсаты – Қазақ мемлекетін күшті әрі дамыған республикаға, ал халқын интеллектуал, озық ойлы ұлтқа айналдыру. Осы асқақ мұратты міндет жолында әр қазақ баласының ұлттық иммунитетін күшейтуге, мемлекетшілдік санасын қалыптастыруға ақысыз-пұлсыз қызмет етеміз. Өйткені, Алашқа қызмет – ұлық іс!

Біздің бір кітабымызды сатып алғаныңыз – жаңа әрі кезекті еңбегіміздің басылуына ықпал етеді. Сіз оқығыңыз келетін кітапты сапалы әрі заманауи дайындап, басып шығаруға мүдделіміз.

Кітап – жан азығы. Кемел де саналы, зиялы адам ғана кітап оқу мәдениетін өмірлік ұстанымына бағыт қылады. Сіз – біз үшін кітапсүйер үлгілі жансыз!

Алаш ұлысының рухани бай, бай-қуатты азаматы болыңыз!

Құрмет ғизатпен,Елдос Тоқтарбай@yeldos_alash