← Өткен бетке оралу
Жаңалық

Алаш қайраткерінің рухына ас берілді

Алаш қайраткері Ғабдолкәрім Тоқтабайдың өмірден өткенінің 90 жылдығына арналған іс-шараларға қатыстық

Бөлісу:

29 қыркүйекте Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде, ал 30 қыркүйекте Жангелді ауданының Торғай ауылындағы Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Алаш қайраткері Ғабдолкәрім Тоқтабайдың өмірден өткенінің 90 жылдығына арналған конференция өтті.

Тағылымды жиын аясында қайраткердің «Оқу жайынан…» (Qyr Balasy ҚҚ -ның «Алаш кітапханасы» жобасы, құрастырған — Жауынбай Жылқыбайұлы, жауапты редакторы — Елдос Тоқтарбай) деген алғашқы кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Конференцияға профессор Айбек Қалиев, профессор Ардақ Абдуллина, әдебиеттанушы Батырлан Сағынтаев, біздің баспа атынан Елдос Тоқтарбай, Дастан Ілиясов және Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары және зиялы қауым өкілдері қатысып, Ғабдолкәрім Тоқтабайдың ағартушылық қызметі мен рухани мұрасы туралы ой бөлісті.

Алаш арысының есімін жаңғыртып, еңбегін кейінгі ұрпаққа танытқан бұл басқосулардың тағылымдық мәні зор.

Дайындаған – Құлагер.

ATA Creative Hub