"Алаш әліппесі" кітабының тұсауы кесілді
Меломан дүкенінде "Алаш әліппесі: Алаш қозғалысының тарихы" кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандардың автор Елдос Тоқтарбаймен кездесуі өтті.
"Алаш" партиясы құрылған тарихи күнде (26 шілде 1917 жыл) Меломан дүкенінде бас директорымыз Елдос Тоқтарбайдың жаңадан жарық көрген "Алаш әліппесі: Алаш қозғалысының тарихы" атты кітабы жұртқа таныстырылды.
Кездесуге Даниял Айдар модераторлық етіп, Елдос Тоқтарбай оқырмандарға Алаш элитасы жайында шағын дәріс оқыды. Автордың сөзі оқырманның жүрегіне жетіп, жиналған қауым толқып отырды, тіпті көзіне жас келіп отырғандар да болды.
Дәрістен соң, кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасын тапты. Авторға 3-ші сынып оқушысы Телден бастап Алаш зиялысы Аққағаз Досжанқызының келіні, профессор Айнагүл Ершина апай мен балалар жазушысы Бейсенбай Сүлейменовке дейінгі оқырман қауымы сұрағын қойып, тағылымды жауабын ала алды.
Кездесуден соң, автограф сессиясы өтіп, оқырмандар автордың қолтаңбасын алып суретке түсті.




Жазбаны дайындаған - Д.А.