ATA Creative Hub by Yeldos Toktarbay баспасына 2 жыл!
Мира Сембайқызының “Қандай ғажап айналам!” кітабының тұсауы кесіліп, ұжым мүшелері сіңірген еңбегі үшін марапатталды

4 мамыр күні баспамыз 2 жасқа толды. Атаулы күнді баспа ұжымы ATA Park демалыс орнында атап өтті. Ұжым тимбилдингіне әдебиеттанушы ғалымдар Ақбота Абиыр, Баян Керімбек, Ғазиза Отарбаева және Әлібек Байбол, Өміртай Еділханұлы, Бауыржан Мырзақұл, Темірлан Жорабай, Мейіржан Жылқыбай, Нұрбек Нұржанұлы сынды ақын-жазушылар, дәстүрлі әнші, өнертанушы Күнқожа Қайролла отбасы, бала-шағаларымен арнайы шақырылды.
Кеш барысында жазушы Мира Сембайқызының “Қандай ғажап айналам!” кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Кітап тұсауын профессор Баян Керімбек, жазушы Мейіржан Жылқыбай және 3-сынып оқушысы Мағжан Еділхан кесті. Баспа тарапынан кеш қонақтарына бұл кітап сыйға тартылды.
Одан бөлек, бас редактор Елдос Тоқтарбайдың атынан ұжым мүшелері диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды.
- Ең үздік дизайнер, беттеуші - Гүлшат Бақытжанқызы, 300 000 теңге;
- Ең үздік кітап авторы - Данияр Ихсан, 200 000 теңге;
- Ең үздік бухгалтер - Сандуғаш ханым, 50 000 теңге;
- Ең үздік менеджер (Kaspi және Kitapfest нәтижесі бойынша) - Дана Жақсылық, 50 000 теңге;
- Ең үздік менеджер (Еуразия кітап жәрмеңкесі нәтижесі бойынша) - Райхан Уәлиханқызы, 50 000 теңге.


