← Өткен бетке оралу
Шолу

«Бүкір» романының авторына құрмет көрсетілді

13 қараша күні Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов белгілі жазушы, «Mecenat.kz» әдеби байқауының жеңімпазы Есболат Айдабосын мен бас директорымыз Елдос Тоқтарбайды қабылдады.

Бөлісу:

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов «Меценат» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Есболат Айдабосынмен кездесті.

Кездесуде «Кітап оқитын ұлт» жобасын өңірде жүзеге асыру, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және әдеби шығармаларды насихаттау мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Б. Исабаев пен жетісу жұртшылығы атынан авторға құрмет көрсетілді.

Облыстық кітапханада «Бүкір» романының таныстырылымы өтті.
Қазақ әдебиетінің бүгінгі тынысына тың серпін беріп, оқырман жүрегіне жол тартқан тағылымды туындының таныстырылымы мазмұнды әдеби жүздесуге ұласты.

Талқы барысында автор романның жазылу тарихына тоқталып, шығарманың идеялық өзегі, көркемдік әлемі мен көтерген өзекті мәселелері жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Жиынға ақын Әміре Әрін, ақын Нүсіпбай Әбдірахым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтақын Бұлғақов, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай бастаған ақын-жазушылар, әдебиетсүйер қауым мен студенттер қатысты.

ATA Creative Hub