Бахром Ырзаев – халықаралық серіктесіміз
Бауырлас өзбек ғалымы Бахром Ырзаев "ЖАҢА ЕСІМ" жобасы ақылдастар алқасының шетелдік мүшесі атанды
6 қазан күні ATA Academia директоры Даниял Айдаров Бахром Ырзаевпен кездесті. Бахром мырза – профессор, тарих ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының Бас ғылым қызметкері.
Кездесу барысында Бахром мырзаға ATA Academia жанындағы "ЖАҢА ЕСІМ" жобасының мақсат-мүдделері баяндалып, ақылдастар алқасының шетелдік мүшесі атануға ұсыныс жасалды. Бахром мырза бұл ұсынысты қуана-қуана қабыл алды.
Бұл серіктестік "ЖАҢА ЕСІМ" жобасының шәкірттеріне өз зерттеулерін Өзбекстан аумағында да жүргізуге, өзбек мұрағатымен жұмыс істеуге жол ашады.
Бахром мырзаға зор алғысымызды білдіре отырып, серіктестігіміз ұзақ жасай берсін деп тілейміз.

Дайындаған – Д.А.