← Өткен бетке оралу
Шолу

Бізді жарылқайтын қаулы екен...

ҚР Президентінің бүгінгі Жарлығы туралы

Бөлісу:

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы ЖАРЛЫҚ

Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар мәдениет, білім беру және инновациялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып айқындалсын:

  • кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру;
  • оқырмандарғаарналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдардыкеңінен қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру;
  • туындылары жас ұрпақты ҚР Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерінқұрметтеу рухында тәрбиелеуге ықпал етіп жүргенотандық жазушылар мен ақындарды қолдау;
  • баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру;
  • ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау.

Бұған біздің баспа редакциясы өз пікірін білдірді.

Бас редактор Елдос Тоқтарбай: Президент Жарлығын қос қолдап қолдаймын! Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың әдебиет арқылы сана-сезімін дамыту — идеологиялық үлкен қадам. Баспа ісін қолдау арқылы еліміздің рухани-мәдени келбетін жақсы жағынан өзгерте аламыз. Қазақ мемлекетін кітап оқитын қуатты ұлысқа, халқын интеллектуал ұлтқа айналдырайық!

Әдеби редактор Данияр Ихсан: Президент жарлығы ұлттық әдебиетті одан әрі дамытуға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға тың серпін беретін мол мүмкіндік. Кітап оқу — зерделі ұлт қалыптастырудың бірден-бір жолы! Қазақ елін оқуға құштар мемлекетке бірге айналдырайық!

Шеф-редактор Даниял Айдар: Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жарлығы еліміздің адами капиталының артуына үлкен үлесін қосады деп ойлаймын. Кітап оқыту, сапалы кітап шығару мен кітапхана кеңістіктерін дамыту арқылы ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттырамыз!

Жазушы Елдос Тоқтарбай бастаған ATA Creative Hub баспасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жарлығын қолдап, қазақ қоғамында 24/7 насихаттауға тегіс дайын.

Біздің баспа — Сіз оқығыңыз келетін кітапты шығарады. Кітап оқыңыздар!

ATA Creative Hub