← Өткен бетке оралу
Жаңалық

Лауреат атанған роман - біздің баспада

Mecenat әдеби сыйлығының жеңімпазы атанған "БҮКІР" романы ATA Creative Hub баспасынан жарық көрді

Бөлісу:

2026 жылғы Mecenat әдеби сыйлығының жеңімпазы атанған "БҮКІР" романымен онлайн нұсқасын оқып танысқан едіңіздер, ал енді бұл роман кітап болып біздің баспадан жарық көрді.

Бұл шығарманың өзегі ‒ тағдыр, адам мен аттың тағдыры. Екеуі де ‒ жетім, екеуінің де шыққан тегі ‒ белгісіз, екеуі де ‒ бүкір. Бірі ‒ туабітті бүкір, екіншісін тұрмыс тауқыметі бүкір қылған. Екеуі де ‒ қоғамның қыспағын көрді, екеуі де азап пен мазақтың талайын бастан өткерді. Ақыры екеуі ‒ бір-біріне жолықты, бірінің бағын бірі ашты.

Шығарманың авторы Есболат Айдабосын мырзаға біздің баспаға сеніп, лауреат романын біздің баспаға тапсырғанына алғыс білдіреміз.

ATA Creative Hub