← Өткен бетке оралу
Жаңалық

Құттықтаймыз! ҚР Президентінің Алғысымен марапатталды

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Бас директор Елдос Тоқтарбай мен шеф-редактор Даниял Айдаровты марапаттады

Бөлісу:

24 шілде күні Алматы облысының орталығында Қонаев қалалық кітапханасының 55 жылдық мерейтойына біздің баспа ұжымы арнайы шақырылды. Бұл салтанатты жиынға ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы бастаған бір топ азамат қатысты.

Мерейтой барысында Мәлік Нұржанұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жас қаламгерлерге арнаған лебізін білдіре отырып, бас директорымыз Елдос Тоқтарбай мен шеф-редакторымыз Даниял Айдаровты ҚР Президентінің Алғысымен марапаттады.

Бұл - Е.Тоқтарбай мен Д.Айдаровтың, баспа ұжымының еңбегіне берілген үлкен баға деп білеміз. Баспа ұжымының еңбегі Мемлекет басшысы тарапынан еленіп бағаланғаны жүрегімізге жылу ұялатып, келешекке үлкен үміт артады.

"Кітап оқитын ұлт" ұлттық жобасын жүзеге асыруға, қазақ әдебиетін байытуға бар күш-жігерімізді салып қызмет етеміз!

Қасым-Жомарт Кемелұлына, Мәлік Нұржанұлына қолдауы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жазбаны дайындаған - Д.А.

ATA Creative Hub