Шәкәрім университеті мен IRCICA: халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Баспамыздың кітаптары IRCICA кітапханасына енді.

2026 жылғы 12 қазанда Түркия мемлекеті, Стамбул қаласында Шәкәрім университеті мен Ислам тарихын, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Шәкәрім университетінде 2025-2027 жылдары жүзеге асып жатқан BR28712491 «Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық, лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу: цифрлық интеграция және этнотуризм» бағдарламасы аясында халықаралық академиялық байланысты нығайтуға, ғылыми тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Келісім - Қазақстан ғалымдарына 1500 жылдардан бастап Түркияның алғашқы баспаханаларында жарыққа шыққан еңбектердің барлық жарияланымдарымен, қорында 96 млн сирек қолжазбасы бар әлемдегі ең ірі IRCICA ҒЗО-ның қолжазбаларымен, фото-таспа, тарихи сурет коллекцияларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біздің Бас директорымыз Елдос Тоқтарбай аталған жобаның ғылыми қызметкері болғандықтан баспамыздан шыққан кітаптарды орталық кітапханасына сыйға тартты.