← Өткен бетке оралу
Жаңалық

Тұрсын Жұртбайдың жаңа кітаптары шықты

Ұстазымыз Тұрсын Жұртбайдың су жаңа төрт кітабы жарық көрді. Бұл баспамыздың қаламгер атаның мерейтойына сый-тартуымыз.

Бөлісу:

Биыл ұстазымыз Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайдың 75 жасқа толуына орай арнайы төрт кітабы жарық көрді. Бұл кітаптар баспамыздың "Тұрсын Жұртбай әлемі" сериясының алғашқы кітаптары.

Біріншісі - "Ұлт ақыны" кітабы. Бұл шығарма ұлтымыздың кемеңгер ақыны Мағжанға арналған.

Одан кейін жазушының "Өлгендермен өмір сүрем" атты үш томдық естелік кітабы басылып шықты. Бірінші кітабы - Бауырына басқандар, екінші кітабы - Бауыр бастым, үшінші кітабы - Етбауырларым деп аталады.

Жақында ғана 1-ші дәрежелі Барыс орденімен марапатталған қаламгер Тұрсын Құдакелдіұлын жаңа кітаптарының жарық көруімен құттықтай отырып, авторға ұзақ ғұмыр мен шығармашылық табыс тілейміз!

ATA Creative Hub