Жаңалық
«Тау құсы» 15-ші рет жаңа достарға жол тартты
Бестселлерге айналған «Тау құсы» кітабы 15 000 дана таралыммен тағы басылып шықты. Басылым «Тамшы Нұры» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асты.

Құрметті оқырман!
«Тау құсы» кітабының басылып шыққанынан сатылып, қолдан-қолға өтуі тез. Байтақ Отанымыздың түкпір-түкпіріне тарап, сүйікті кітапқа әрі жұрт іздеп жүріп оқитын бестселлерге айналды. Міне, 15-ші рет 15 000 дана таралыммен басылып шығып, жаңа достарға жол тартты. Кітап «Тамшы Нұры» қоғамдық-қайырымдылық қорының демеушілігімен жарық көргенін хабарлаймыз.
ATA Creative Hub